Нарық

Билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр сәуір айында компанияда "нөлдік" төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады.

Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа жол берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды.

"Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды. Заңсыз сату немесе поездарда билетсіз жол жүру фактілері болған жағдайда азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының блогына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

 




Көрілген: 937    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31