Нарық

Биыл Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы 26 пайызға артты

  • Биыл Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы 26 пайызға артты

    Биыл Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы 26 пайызға артты

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды primeminister.kz. "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында ҚХР-ға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған ҚР-ҚХР Бірлескен мәлімдемесі екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нақтылады", - деді А.Мамин. Қытай Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір арттырылды. 2019 жылдың 8 айында екіжақты сауда көлемі 26 пайызға артып, 9,2 миллиард доллар болды.



Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 01:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30