Нарық

Биыл қазақстандықтар қандай көлікті көп сатып алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 42 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 42 372 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6 пайызға жоғары. Биылғы жеті айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 383,6 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 10 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

 

Көлік сатып алушы 29 462 адам (69,5 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған.

 

Сонымен қатар, биылғы 7 айда сатылған 12 910 автомобиль (30,5 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

 

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (9717 көлік), Hyundai (8030), Toyota (5581 ), Ravon (5112 ) және KIA (3695) көліктері көш бастады.

 

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта - Renault (1461 көлік), GAZ (1367), Nissan (1140), Volkswagen (1116) мен UAZ (975) бар.

 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.08.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30