Нарық

Биыл коммуналдық қызмет бағасы қалай өзгереді?

  • https://mail.kz/

    https://mail.kz/

Жаңа жылда елордалықтар жылуға төленетін ақының екі есе қымбаттағанын айтып, шағымдана бастады. Ал табиғи монополияларды реттеу комитеті баға өспегенін айтады.

 

Жылу мен суға төлейтін ақы өсті ме?

 

Комитеттің ақпаратына қарағанда тарифтер былтырғы деңгейде сақталды. Әрине құны әр өңірде әртүрлі белгіленген.

 

Мәселен, табиғи газдың бір кубы елордада шамамен 30 теңге болса, Атырауда 7 теңге 27 тиын.

 

Қазақстан бойынша табиғи газдың бір куб метрі орташа алғанда 19 теңге 43 тиын.

 

Ал жылудың бір гигакалориясы орташа 3 мың теңгеге тең. Десе де, ел бойынша жылуға ақмолалықтар аз төлейді. Шамамен 1600 теңге. Республиканың басым бөлігінде жылу ақысы 2 мыңнан асып жығылады.

 

Алматы, Шымкент, Атырау мен Қостанайда тіпті қымбат. Мұнда жылудың бір гигакалориясы үшін 4 мыңнан астам төленеді.

 

Электр қуатының тарифі де облыстарда әртүрлі. Қазақстан бойынша орташа ақысы 12 теңге 69 тиын деп белгіленген.

 

Десе де, атыраулықтар әлдеқайда аз төлейді. Мұнда бір киловатт сағатына 5 теңгеден алынады. Алматыда үш есе қымбат. Яғни 17 теңге 12 тиыннан.

 

Қазақстан бойынша суға ең аз төлейтін өңір Шымкент. Олар тіршілік нәрінің куб метрі үшін 31 теңге береді. Ал маңғыстаулықтар 200 теңгеден сатып алып отыр.

 

Орталықтан берілетін жылу мен жарықтың ақысына тоқталдық. Осы тұста көмірдің құнына шолу жасаған жөн болар. Қазақстан бойынша оның орташа бағасы бір тонна үшін шамамен 14-15 мың теңге.  

 

Қазақстан бойынша Шұбаркөл көмірі ең арзан өңір Қарағанды. Мұнда бір тоннасы 10 мың 500-ден. Көкшетауда 13 мың 700 шамасында. Елордадағы көмір сататын жерден 14 мыңға алуға болады. Павлодарда мың теңгеге қымбат. Ақтөбе жұрты Шұбаркөл көмірінің бір тоннасын 15 жарым мыңнан алады. Қазақстан бойынша көмір ең қымбат өңір Қостанай. Мұнда тоннасы 16 мыңнан.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2166    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31