Нарық

Биыл тұрғындарға үй алу үшін жеңілдетілген қарыз беріледі

  • Биыл тұрғындарға үй алу үшін жеңілдетілген қарыз беріледі

    Биыл тұрғындарға үй алу үшін жеңілдетілген қарыз беріледі

Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері тақырыбы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады.
Министр атап өткендей, 2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді. 

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6%-ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген заемдер берілді.Осы жылы қаржыландырудың есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың тұрғынжай. Мемлекеттік инвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамтылу жоспарланып отыр. 22 500 әлеуметтік тұрғын-жай салынып, сатып алынады және тұрғындарға 8 800 жеңілдетілген қарыз беріледі, - дейді Атамқұлов Үкімет отырысында.
Бұған дейін өткен Үкіметтің отырысында министр осы жылдың алғашқы айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айтқан болатын.


Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ тілшісі




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28