Нарық

«Бизнесі жоқ бизнесмен»: Серік Боқан Ахметбек Нұрсиланың былығын әшкереледі

  • «Бизнесі жоқ бизнесмен»: Серік Боқан Ахметбек Нұрсиланың былығын әшкереледі

    «Бизнесі жоқ бизнесмен»: Серік Боқан Ахметбек Нұрсиланың былығын әшкереледі

Оған алғаш Астанада «Бизнес бастау» мектебін ашуға көмек берген Раушан Қалмомынұлын және 10 адамды лақтырғанын естідім.

Кеше Ахметбекке қатысты КТК-да «Бетпе-бет» болды. Ал біздің айтпағымыз басқа...


«8 күн оқытып, байлық пен бизнеске жеткіземін» дегенге «тазшаның қырық өтірігі» деп қана қарау керек.


Ахметбек Нұрсила кезінде Павлодарда жұмысшыларының айлығын бермей қанқақсатқаны туралы өткен жылы белгілі журналист Ардабек Солдатбай маған телефонмен айтқан болатын. «Ахметбек деген асқан алаяқ, оны неге жақтап мақала жазып жүрсің?» деп. Себебі жақсы сөйлеген адамның бәрі жақсы адам деппіз, ежелгі дастүрлі идеямен қанша жерде қанша «алдамшыны» ақтап, қапы қалып жүрміз. Сол кездегі Ахметбек туралы бір қырынан насихаттаған әрекетіме кейін өкіндім...


Оған алғаш Астанада «Бизнес бастау» мектебін ашуға көмек берген Раушан Қалмомынұлын және 10 адамды лақтырғанын естідім.


«Мен Ахметбек Нүрсиланың былықтарының бергі жағын ғана айтып отырмын», - дейді Нұрсұлтан қаласында тұратын Раушан ағамыз.


Дайын бизнес, Бизнеске жәрдем сияқты сабақтар өткізуге тиіс уәдесін берген бизнесті бермей, жер соқтырып кеткен. Сонымен қатар, Перизат және Раушанды алдап, жер соқтырған. Табиғат деген программист Қытайдан келген азаматты да алдаған. Неше айлап көз майын құртып жүріп жасап берген дүниесінің ақшасын бермей зар илеткен екен (2000 доллар). Екі мың доллар ол кезде өте көп ақша. Гүлісқан жүз мың беріп, қалай алданғанын видеосұхбатта айтқан.


Ахметбектің ұятсыздығы, Раушан сол алғаш жалған атағы жоқ кезде жұмысын ұйымдастырып, қазір Түркияда тұратын Гүлқан бастаған өте білімді азаматтар бірлесіп құрып берген болатын. Ол кезде әр оқушыдан әр сабағына 30 мың теңгеден алған. Қысқасы сол кезде Бизнес бастауға араласқан азаматтардың көп сандысы алданған.


Бұл жазғандардың бәрінің дәлелі бар. Егер керек болса, кез келген майданда бұлтартпас айғақтар дайын тұр.


Бизнес бастауға жастарды жинап алып, күніне "Мен бақыттымын" деп жын ұрғандай жүз рет айтқызса, бақытты болып кете ме адам?! Ахметбек мырза, жастардың миын улап, қалтасын қаққанды қойыңыз!


Әр ағым екі ай ғана, сол екі ай сайын мың оқушы оқиды екен, олардың әрбірі жүз мың төлейді. Қысқасы екі ай деп айтады Бірақ жалпы 8 күн ғана оқиды. Ал сол 8 күнде бизнесмен болып кетеді дегенге итім де сенбейді... Сонда қазақ жастарының әр екі ай сайын жүз миллион теңгесін қағып жатады екен. Кредиттің құшағында жүрген халыққа жаның ашысын, Ахметбек!


Ал одан жұмыс бастап кеткендер мыңнан біреу ғана. Бұған ескерту жасайтын құзырлы орындар жоқ па? Бұл туралы «не деген аспаннан жауған ақыл» деп.депутаттардың да өзі айтып жүрген.


Серік Боқанның Facebook-парақшасынан 




Көрілген: 5088    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 19:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31