Бизнес сақтандыруға аса құлықты емес – статистика

24 қаңтар 2022, 11:34

Бизнес кейінгі жылдары сақтандыруға (мүлікті ерікті сақтандыруға) аса құлықты емес. Тіпті 2020 – пандемиямен өткен күрделі жылдың өзінде (қаңтар–қараша айларында) мүлікті ерікті сақтандыру сыйлықақысына жалпы көлемнің 9,3%-ы ғана (17,5 млрд теңге) жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.

 

Сыйлықақылар 2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында 14,3 млрд теңгені құрады. Бұл тіпті 2020 жылғы кезеңнен 18,6% аз.

 

Былтыр сақтандыру бойынша көп сыйлықақы алған компаниялар мыналар:

 

"Халық" СК (5,4 млрд тг), "NOMAD Иншуранс" СК (5,2 млрд тг) және "Қазақмыс" СК (1,7 млрд тг).

 

Ал сақтандыруға төлем көп жұмсаған компаниялар мыналар:

 

Jusan Garant СК (748,7 млн тг), KazakhExport СК (470,8 млн тг) және "NOMAD Иншуранс" СК (51,6 млн тг). 

 

Айта кетейік, бизнес шығынға ұшыраған жағдайда сақтандыру қорлары шығынды өтейді. Қандай жағдайда шығын өтелетіні келісімшартта көрсетіледі. Мысалы, қаңтар оқиғасы, карантин немесе басқа да шектеулер, табиғи апаттар секілді жағдайлар.