Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар өтінімінің қабылданбау себептерін түсіндірді.
Өтінімдердің қабылданбау себептері:
* Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген;
* Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген;
* Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсеткен;
* Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген;
* "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен;
* Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.
Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2021 жылдың 05 наурызына жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 199 401 өтініш келіп түскен.
Ал емделуге ақы төлеу мақсатында 1 444 өтініш келіп түскен.