БЖЗҚ салымшыларға зейнетақы төлемін алу қажеттігін хабарлады

27 қараша 2020, 10:25

Қорда зейнетақы жинақтары бар және төлемдерін алуға өтініш білдірмеген азаматтар ақшаларын алуға құқылы.

 

Қор әсіресе 59 жасқа толған әйелдерге басымдық беріп отыр.

 

Егер олар төлем алуға жыл соңына дейін өтініш қалдырмаса, одан соң 60 жасқа толғаннан кейін ғана жүгіне алады.

 

 Бізде әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып келеді және ол 2027 жылы ерлермен теңеседі.

 

Атап өтейік, мамандар осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін азаматтардың қорға хабарласып немесе сайтқа кіру керектігін жеткізді.

 

 

 

24.kz