Нарық

Бір жыл ішінде құрылыс заттары 28 пайызға қымбаттаған

  • Бір жыл ішінде құрылыс заттары 28 пайызға қымбаттаған

    Бір жыл ішінде құрылыс заттары 28 пайызға қымбаттаған

Елімізде жыл басталғалы бері құрылыс материалдары кемі 28 пайызға қымбаттаған. Соның кесірінен тұтынушы ғана емес, құрылыс компаниялары да шаш етектен шығынға батып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

 «Біз тауардың өзіндік құнын көтеруге бейжай қарай алмаймыз. Бірақ, бірінші кезекте ішкі шығындарды оңтайландыруға тырысамыз. Қаптау құрылысын өзгертіп, өндіріс қуатына көңіл бөлуіміз мүмкін. Логистикалық шығындарды қысқартамыз. Кешенді зерттеу барысында өзіндік құнын бір қалыпты сақтап қалуға болады. Десе де белгілі межеге жеткенде амалсыздан бағаны көтереміз», - дейді  өндіруші компания директоры Виктор Мирошниченко. 
  Сарапшылар құрылыс заттарының қымбаттауына сұраныстың артуы, теңгенің құнсыздануы және Қытаймен арадағы шекараның жабық тұрғаны тікелей әсер етті дейді. Ал асқынған ахуал қыз-қыз қайнаған құрылыс саласын аз уақытта тұралатып тастаған. Биыл құрылыс маңынан нәпақа тауып жүрген мың жарым мердігер компания қиындыққа шыдамай жабылып тыныпты. Тіпті, мемлекеттік тапсырыс орындап жүрген ірі компаниялардың да күні қараң қалды дейді мамандар. 

Құрылыс заттарының қымбаттауы баспана бағасын да шарықтатып жіберді. Қазір елімізде пәтер құны 14 пайызға өскен. Жылжымайтын мүлік саласындағы қымбатшылық мұнымен тоқтамайды дейді сарапшылар.

Ал жауапты министрлік өкілдері баға саясатына араласуға дәрменсіз екенін жасырмайды. Алайда ведомство тарапы нарықтағы қиындық қолдан жасалғанын айтады.

«Министрлік өндіріске жауап береді, әрі қарай жеткізу тізбегі бар. Біз осы жерден талдау жасауымыз қажет. Мәселен, бағаның өскенін көрген 16 кәсіпорын «неге біз де көтермейміз» деген ойда қалады. Бір қарасаң, менеджердің қалыпты тәсілі. Нарықта 10 миллион цемент керек болса, біз 15 миллион өндіреміз. Бәрібір баға өсіп жатыр. Осы тұста барлығы  жасанды екенін көреміз. Біз мұны анықтап, монополияға қарсы комитетпен бірлесіп шара қабылдағанда баға төмендеді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Десе де сарапшылар құрылыс саласындағы күрмеуі көп мәселені Үкімет тезірек реттеу қажет деп есептейді. Өйткені бағаның шарықтауы жалғаса берсе, тағы сандаған компания қызметін тоқтатып, екі қолға бір күрек таппаған жұмыссыздардың қатары артады. Ал болжам бойынша құрылыс заттарының құны келесі көктемде тағы да қымбаттайды.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 630    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 11:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31