Бір жылда 20,3%-ға өсті: Қазақстанда көкөністер қымбаттады

19 мамыр 2022, 21:55

Сарапшылардың есебіне сәйкес, 2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір аптада 0,2%-ға, ай басынан бері 0,4%-ға, жыл басынан бері 15,3%-ға, жыл бойы 20,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір аптада картоп 1,4%-ға, пияз – 1,9%-ға, сәбіз – 2%-ға қымбаттады. Ай басынан бері картоп – 2,7%-ға, сәбіз – 3,2%-ға, пияз – 5,6%-ға қымбаттады, – делінген Energyprom.kz зерттеуінде.

Сондай-ақ, сарапшылар атап өткендей, 2022 жылдың сәуірінде жаңа піскен көкөністер бағасы айына 1,7%-ға және жылына бірден 46%-ға өсті.

Сәуір айында сауда нүктелерінде картоптың келісінің орташа бағасы 180 теңге, қырыққабат – 277 теңге, пияз – 137 теңге, қызылша – 283 теңге, сәбіз – 186 теңге, қияр – 707 теңге, қызанақ – 944 теңге болды.

Бір айдың ішінде ғана, есеп бойынша, пияз 16,2%, қырыққабат 9,8%, қызылша 9%, сәбіз 8,5%, картоп 5,9%-ға қымбаттаған.

Ал қызанақ пен қияр, керісінше, тиісінше 6,2% және 11,2%-ға арзандады.

Сарапшылар бағаның мұндай көтерілуі ішінара ағымдағы маусымдағы жаңа піскен көкөністердің нарықта пайда болуына байланысты деп түсіндіреді.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қазақстан көкөніс экспортын арттырған.

“Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында бұрыш экспорты бірден жылына 19,1 есеге, 380,5 тоннаға дейін, қияр – 65,3 пайызға, 412 тоннаға дейін, пияз – 20,4 пайызға, 10,8 мың данаға дейін өсті”, - деп жазады басылым.

Stan.kz