Нарық

Бір қазақстандыққа қанша сиырдан келеді – сарапшылар есебі

  • © youtube.com

    © youtube.com

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде халық саны 18,5 миллион адам болса, сиыр саны 3,8 миллион басты құраған.


Қазақстан экономикасын мониторингілеу жобасының мамандары талдау жүргізіп, ауыл халқының ірі қара малмен қамтылу рейтингін жасады. Оған сәйкес, өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысы көш бастады. Бұл аймақта бір адамға 0,4 сиырдан келеді.


Осы жылдың екінші тоқсанында Қазақстан халқының саны 18,5 миллион адамға жетті, оның 41,7%-і – ауыл тұрғындары, деп хабарлайды energyprom.kz.


Ауыл халқының басым бөлігі Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі. Екі өңірдің әрқайсысында 1,6 миллион адам тұрады, бұл елдегі барлық ауыл халқының 41%-тен астамы. Үшінші орынға Жамбыл облысы жайғасқан. Мұнда 680 мыңнан аса ауыл тұрғыны бар.


Ал 2019 жылдың шілде айының соңындағы дерекке сүйенсек, Қазақстанда сиыр саны 3,8 миллион басты құраған. Бұл былтыр дәл осы уақытта тіркелген көрсеткіштен 200 мыңға артық.


"2,1 миллион сиыр халық шаруашылығына тиесілі, бұл елдегі барлық сиыр санының 55,4%-і. Жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтарында 1,4 миллион бас немесе барлық сиырдың 37,1%-і шоғырланған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 7,5% немесе 284,7 мың бас сиыр бар", келтірді energyprom.kz зерттеу мәліметін.


Сиыр саны жағынан Алматы облысы көш бастаған. Бұл өңірде 553,6 мың бас сиыр бар, өткен жылмен салыстырғанда 40 мыңға артқан. Екінші орында –Шығыс Қазақстан облысы (549,5 мың бас), ал үшінші орында – Түркістан облысы (486,4 мың бас).


Осылайша, зерттеуге сәйкес, Қазақстан халқын тұтастай алғанда, әр азаматқа сиырдың бестен бір бөлігі келеді. Егер тек ауыл халқын қарастырсақ, орташа статистикалық есеппен, екі адамға бір сиырдан келеді.


"Сиыр саны жағынан ең қамтылған өңір Батыс Қазақстан облысы болып тұр. Мұнда облыстың әр тұрғынына 0,4 сиырдан келеді. Халықтың сиырмен қамтылу рейтингінің үштігіне Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары енген – тиісінше 0,4 және 036 сиыр. Үздік бестікті Ақмола (0,3) мен Павлодар облысы (0,29) тұйықтаған", - дейді зерттеу авторлары.


Мамандардың пайымы көңіл көншітпейді. Олардың пікірінше, Қазақстанда ауыл халқының саны әжептәуір көп болғанмен, ауылдықтардың ірі қара малмен қамтылу деңгейі айтарлықтай төмен. Мал экспорты жыл сайын ұлғайып жатқанын ескерсек, бұл болашақта ет пен ет өнімдерінің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.


Десе де, сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне тосқауыл қоюға болады. Ол үшін ауыл шаруашылығы министрлігі, қаржы министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар малды ел аумағынан шығаруға алты айға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірлеуі керек.


Екі сиыр төңірегіндегі әңгіме Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін туындаған еді. Сол жолы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаятындарды сынаған болатын. Елбасы көмек сұрайберетіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берді.



https://sputniknews.kz


Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 18:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30