Нарық

Бірден 85000 теңге тағайындалады: Тоқаев Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттің жұмыссыз тұрғындарын аймақтарға жіберуді тапсырды

  • Бірден 85000 теңге тағайындалады: Тоқаев Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттің жұмыссыз тұрғындарын аймақтарға жіберуді тапсырды

    Бірден 85000 теңге тағайындалады: Тоқаев Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттің жұмыссыз тұрғындарын аймақтарға жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантинге байланысты жұмыссыздықпен қалай күресу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Карантин шаралары қабылданғаннан кейін Нұр-Сұлтан Алматы және Шымкент қаласында жұмысқа жарамды тұрғындардың, әсіресе, жастардың саны күрт артты. "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында үкімет пен әкімдіктерге аталған аймақтарда бірқатар жобалар іске асырған жөн. Шлагбаум маңын торуылдап жүрмес үшін қазақстандықтардың табысы жоғары болуы шарт. "Жұмыспен қамту жол картасы" жобасы бойынша жұмысқа ілінгендерге 2 ЕТЖ немесе 85000 теңге көлемінде алғашқы жәрдемақы тағайындалады. Бұл қалыпты жалақыға үстемақы ретінде қосылады", - деді президент.

Бұған қоса мемлекет басшысы жұмыс беруші тарапқа қойылатын басты талапты атап кетті.

"Жұмысқа орналасушыларға коронавирусқа сынамалар алынып, жергілікті әкімдіктер түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады. Бұған қоса аталмыш жоба аясында жұмысқа тартылғандарға тиісінше жағдай жасалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Бұл жұмыс беруші тарапқа қойылатын басты міндет", - деп қосты Тоқаев.

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 00:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30