Brent мұнайының бағасы тарихтағы ең жоғары бағаға жетіп қалды

07 наурыз 2022, 08:56

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан жоғары көтеріліп, 2012 жылғы ең жоғары көрсеткіштен  асып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Баға 7 наурызда  осыған дейінгі көрсеткішкен 128 долларға көтерілген.

Нұр-Сұлтан уақытымен 5.59-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 130,1 долларға дейін 9 пайыздан аса өсті. WTI сәуір фьючерстері дүйсенбіде 9,68 пайызға 126,12 долларға дейін қымбаттады.

Brent мұнайы тарихтағы ең жоғарғы бағасына 2008 жылы жеткен. Ол кезде барреліне 143 доллар тұратын.