Бүгін Алматыда 49 сауда маркеті, 44 жанармай құю станциясы жұмысын бастады

09 қаңтар 2022, 16:18

Алматы қаласында ірі сауда маркеттері, базар, жанармай құю станцияларының жұмысы жандануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметінше, 8 қаңтардан бастап «Тоймарт», «Magnum» және «Small» сынды ірі сауда маркеттерінің 28 бөлімшесі қайта ашылған.

 

Бүгін тағы 49 филиал ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.

 

Азық-түлік қоры жеткілікті.

 

Сонымен қатар азық-түлік өнеркәсібі саласындағы Ақсай НАН, Алматы ашытқы зауыты ірі кәсіпорындар жұмысын жандандырды.

 

Сондай-ақ бүгіннен бастап 44 жанармай құю станциясы ашылды, ертең тағы 25-і іске қосылмақ.