Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бүгін «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

19 желтоқсан 2022, 16:54

19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолғы науқанның басты ерекшелігі бастапқы жарна талап етілмейді.

 

Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.

 

Бағдарламаның өзге де шарттары:

 

Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);

 

Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

 

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге болады.

 

Еске салайық, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына несие алуға болады.  

 

«Ұмай» ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.