Нарық

Бүгінгі күннен бастап "Негізгі Заң апталығы" басталады

  • Бүгінгі күннен бастап

    Бүгінгі күннен бастап "Негізгі Заң апталығы" басталады

Бүгінгі күннен бастап "Негізгі Заң апталығы" басталады - Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткізетін қазіргі және болашақ кәсіпкерлер үшін қызықты әрі пайдалы іс-шаралардың бір аптасы.






 


Апталық спорттық флэш-мобпен ашылды және бұл кездейсоқ емес. Денсаулық - табыс пен гүлденудің негізі, тек бизнесте ғана емес, өмірдің барлық салаларында да. Сондықтан спорт, фитнес, дұрыс тамақтану, санаторлық-курорттық сала және сауықтыру саласындағы қызметтер мен тауарлар бүгінде өте танымал. 


Кәсіпкерлер, өз бизнесін ашуды жоспарлаған жандар, еріктілер және жай ғана қала тұрғындары іс-шараға қатысып, тәжірибе алмасып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін салаларда жаңа трендтер туралы біле алады. 


Фитнес бойынша тәжірибелі нұсқаушылар кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қарапайым дене жаттығуларына үйретіп, денсаулығын мықты, денесін сымбатты ұстауға көмектеседі. 


Салауатты және спорттық тамақтандырумен айналысатын компаниялардың өкілдері дұрыс тамақтануды, денсаулыққа барынша пайдалы нәтижелерге қол жеткізу үшін қалай дұрыс тамақтану қажеттігі туралы баяндап берді. Сондай-ақ, олар мұндай өнімді тек қана мамандандырылған компаниялардан сатып алу керектігін атап өтті, олардың кеңесшілері өнімдерді немесе қоспаларды дұрыс таңдауға көмектеседі. 


"Негізгі Заң апталығының" ашылуына Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Н. Өксікбаев келді. Сонымен қатар, О. Өксікбаев қазіргі жұмыс істеп тұрған және жаңа бастаған бизнесмендерді қолдаудағы Алматы Кәсіпкерлер палатасының маңызды рөлін атап өтті. 


"Негізгі Заң апталығы" аясында 26-29 тамыз аралығында кәсіпкерлер үшін вебинарлар, онлайн талқылаулар, тегін кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.


Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы жобаға қатысуға шақырады!


Құрметті кәсіпкерлер мен бизнеске қадам басушылар!





 




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 17:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30