Нарық

Бұрынғы әскери қызметкерлер де баспанамен қамтамасыз етілетін болды

  • © Knews.kg

    © Knews.kg

Былтыр жыл басынан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.


Оның аясында қазір жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет жасап, осы саладан кеткен қызметкерлер де үйлі бола алады.


Бұл жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешпек.


Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі еліміздің ірі қалаларында жекешелендіруге жатпайтын баспаналарды айырбастау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.


Дастан Қабдуллаев осы жылдар ішінде отбасымен әскери бөлімнің жекешелендіруге жатпайтын пәтерінде тұрып келген еді. 2016 жылы зейнеткерлікке шықты. Алты балалы жанұя баспана мәселесін шешуге келгенде жаңа бағдарламаның мүмкіндігіне сүйенді.


Дастан Қабдуллаев, бұрынғы әскери қызметкер:


– Үй алып жатқанымызға бір ай ғана болды. Балалар кең жерге келіп аунап-қунап жатыр, мектепке де жақын екен. Бала-шағамызбен осы үй бұйырып тұр екен. Қорғаныс министрлігіне көп рақмет, қызметкерлерін далада қалдырмай, үймен қамтамасыз етіп жатыр.


Бұдан бұрын әскери қызметте 10 жылдан астам, бірақ 20 жылдан кем қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан әскери қызметшілер жергілікті атқарушы органдардың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ол үшін жұмыстан шыққаннан 3 жыл бұрын үй кезегіне тұру керек болған. Қазір бұл мәселе оң шешімін тапты.


Бауыржан Зекенов, ҚР ҚМ тұрғын үй басқармасының бастығы:


– Тұрғын үй қатынастарына және әскери қызмет туралы заңға өзгерістер енгізілді. 10 жылдан астам, 20 жылдан кем емес әскери қызметте болған. Олар жабық қалашықта тұратын үйлерін ашық қалашықта тұратын үйлерге алмастыру көрсетілді және ол заңмен белгіленді.


Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, еліміз бойынша мұндай топқа жататын 700-ден артық әскери қызметкер бар. Жыл аяғына дейін олардың дені баспанамен қамтамасыз етілмек. Бүгінгі күні 50 отбасы әскери қалашықтағы пәтерлерін жекешелендіруге жататын тұрғын үйлерге ауыстырып үлгерді.


24.kz


 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.07.2019, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30