Нарық

Былтырғы дағдарыс соңғы 100 жылда болмаған – Асқар Мамин

  • Былтырғы дағдарыс соңғы 100 жылда болмаған – Асқар Мамин

    Былтырғы дағдарыс соңғы 100 жылда болмаған – Асқар Мамин

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин былтыр дағдарысқа толы жыл болғанын айтты, – деп жазады inform.kz.

2020 жыл – халықаралық сарапшылардың айтуынша, соңғы 100 жылда болмаған ең ауыр дағдарыс кезеңі болды.
«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген міндеттерге сәйкес Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Парламентпен бірлесіп, тиімді жұмыс жүргізуде. 2020 жыл – халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы 100 жылдағы ең үлкен дағдарыс кезеңі болды. Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың даму жағдайын және оның құрылымын түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер қалыптасты», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Үкімет Парламентпен бірлесіп, дағдарыс кезінде ел үшін аса маңызды шешімдерді дер кезінде қабылдады.
 
«Парламенттің қос палатасының барлық депутаттарына сындарлы және нәтижелі жұмыс үшін алғыс айтамын. Ауқымды және уақытылы қолдау шараларын, сондай-ақ контрциклді макроэкономикалық саясатты іске асыру 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуін 2,6 пайызға дейін, ал негізгі капиталға инвестицияның азаюын 3,4 пайызға шектеуге мүмкіндік берді», – деді Асқар Мамин.

inform.kz.




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30