Нарық

Бюджет ақшасы өзге елдердің АШ автопромын қолдауға жұмсалып отыр

  • https://abai.kz/post/124376

    https://abai.kz/post/124376

Шетелдің АШТ - машина құрастыру саласын субсидиалауға жыл сайын Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен миллиардтаған қаржы кетіп жатыр. «Еnergyprom.kz» солай деп жазыпты.

 

АШ техникаларын шығарумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар дағдарыс әбден дендегеніне қарамастан, қажетті техникалар өндірісін екі есеге дейін ұлғайтқан екен.  Қазақстанда ауылшаруашылығы өндірушілеріне арналған инвестициялық-субсидиалық қолдау  жоқ емес.  Ол - агроөндіріс кешені субьектілерінің жарты шығынын қайтарып береді.  Атап айтқанда, бізде АШ техникаларын, машина мен құрал-жабдықтар сатып алу - өз бағасының 25 пайыз қайтарымымен субсидиаланады.

 

АӨК-ті қолдаудың мұндай амалдары әлемдік практикада бар-ақ. Алайда, Қазақстан Үкіметінің Ресей, Украина немесе өзге елдерден бір айырмашылығы - мемлекет бюджетінен тек қана отандық АШ техникларын ғана емес, шетелдік техникаларды сатып алу да субсидиаланады. Тіпті, бізде шетелдік АШТ-ға көбірек қаржы қарастырылған. Жекелеген импорттық техника, машина немесе жабдықтарға бөлінетін субсидиа кейбір жағдайларда 2-3 есеге көбірек белгіленеді. Әсіресе, жоғары сомадағы субсидиа импорттық тракторларға, комбайндарға, комбайн орақтарына, ұрық сепкіш техникаларға, қопсытқыш техникаларға т.б. беріледі екен.

 

Бұл мәселеге қатысты ҚР Ауылшаруашылық министрінің 2020 жылдың 1 тамызындағы №243-ші бұйрығы шыққан. Бұл бұйрық  елдегі инвестициялық субсидиалау ережесіне азды-кем өзгеріс енгізгенімен, шетелдік техникаларға Қазақстан бюжетінен қомақты қаражат алу жүйесін өзгерткен жоқ. Бұл жағдайды америкалық немесе еуропалық техникалар өндірісін міндетті локолизациялау туралы келісім өзгертер ме еді. Өйткені, бұл өндірістер мен отандық өндіріс субсидиасының сомасы бірдей-ақ... Алайда, АҚШ өз ішінде енгізіп жатқан бұл тәжірбиені &ndash өзге елдерге енгізуге асықпай отыр. Қазір Қазақтанда америкалық АШТ өндірісі жоқ. Десе де, қазір немістің «Bühler» тракторлерінің өндірісі жолға қойылған және немістің «Claas» комбайндері құрылысын ашу жоспарланған екен.

 

 

Былайша айтқанда, қазір Қазақстан бюджетінің қыруар ақшасы өзге елдердің АШ автопромын қолдауға жұмсалып отырғаны факт.

 

«Qoldau.kz» порталының ақпарынша, инвестициялық субсидианың «АШ техникаларын алу» бабы бойынша биыл ұзын-ырғасы 7,5 мың өтінім түскен екен. Бұл өтінімдердің жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрайды екен. Бұл аз ақша емес. Осы соманың нақты нешесі импорттық техникаларды субсидиалауға жұмсалғаны туралы нақты ақпарат белгісіз. Мысалы, 2019 жылы сатып алынған техникалардың үштен бір бөлігі отандық өндірушілердің еншісіне жазылса, 60 пайызы импорттық техникаларға бөлінген.

 

Қазақстандағы АШТ өндірушілері Ассоциациасының сарапшылары, биылғы жылғы жағдай былтырғыдан аса көп өзгере қоймағанын, тіпті, былтырғыдан гөрі шетелдік өндіріске көбірек қаржы бөлінуі мүмкін екенін айтады.

 

 

Короновирус пандемиясы мен жаһандық экономикалық дағдарыстың қос бүйірден қысқанына қарамастан, отандық кәсіпорындар жұмыстарын бәсеңдетпеген. Оның бір дәлелі - биылғы жылдың 10 айында шығарылған техника (комбайндер мен тракторлер) былтырғы жылдың мөлшерінен едәуір асып жығылған.  2020 жылдың қаңтар-қазан айларында отандық кәсіпорындар 2,7 мың трактор мен комбайн шығарған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға көп. Жалпы алғанда, шығарылған техника көлемі 5 мыңға дейін артқан. АШ техникаларының жылпы құны да 78 млрд теңгені құраған. Соның ішінде тракторлер мен комбайндер құны 72,2 млрд теңге. Бұл алдыңғы жылдағы есептен 2,4 есеге, былтырғы жылғы есептен 2,1 есеге көп.

 

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық АШ техникаларын субсидиалау көлемі көбірек болғанда, сөзсіз өндіріс көлемі де қазіргіден едәуір көбейетін еді дейді. Отандық өндірушілерді қолдау арқылы - импорттық техникаларға тәуелділік жоғалатын еді. Бұл қазіргідей дағдарыс кезеңінде АШ саласын дамытуға бағытталған нақты қадам болар еді.

 

 

 

Abai.kz




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 01:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31