Нарық

БЗЖҚ-дан ел жаппай ақшасын шешіп ала бастаса, не болады? Сарапшы пікірі

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

2021 жылы зейнетақы шоттарынан қаражат алуға рұқсат беру туралы Мемлекет басшысының ұсынысы жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне және елдегі инфляциялық процестерге кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы экономист Арман Байғанов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Сарапшы атап өткендей, Президенттің 2021 жылы кейбір азаматтарға зейнетақы шоттарындағы ақшасының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсынысы БЖЗҚ басшылығының өз қаражатын тиімді басқаратындығына онша сенбейтін тұрғындар үшін оңтайлы жайт болғаны сөзсіз.

 

Шенеуніктердің айтуынша, БЖЗҚ-дан шамамен 1,4 триллион қаражат алына алады. Әрине, мүмкіндік беріп тұрғанда халық бірден ақшасын шешіп алып, оны жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе ипотекалық несиесін өтеуге жаппай лап қояды. Мәселен, Қазақстанның қаржы инстиуттарындағы барлық ипотекалық портфель 2 трлн теңгені құрайды. Әрине,1,4 трлн теңге көлеміндегі қаражаттың бір мезетте жылжымайтын мүлік нарығына құйылуы пәтер бағасын қымбаттатып, тиісінше елдегі инфляцияның өсуіне түрткі болады, деп жазады экономист.

 

Оның пікірінше, егер орташа есеппен бір пәтер сатып алуға 14 миллион теңге жұмсалса, онда жалпы 1,4 триллион теңгеге 100 мың тұрғын үйге қосымша сұраныс пайда болады (2019 жылы елімізде 320 мың жылжымайтын мүлік операциялары тіркелген).

 

- Сонымен қатар, зейнетақы активтері негізінен мемлекеттік компаниялардағы әр түрлі жобаларға салынған, ал үлкен қаражаттың алынуы ұлттық валюта бағамына кері әсерін тигізеді. Мемлекет, қоғам, міне осындай жағымсыз сценарийге дайын болуы керек, - депсөзін түйіндейді Арман Байғанов.

 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31