Нарық

Чек бермегені жайлы хабар бер де,1000 теңге ал

  • https://retailers.ua

    https://retailers.ua

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті фискалды чек берілмегені туралы хабарлаған адамдарға 1000 теңге көлемінде сыйақы аударып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Осы жылдың 12 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында бақылау-кассалық машиналардың фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтауға арналған пилоттық жоба қолға алынған болатын. Акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 52 адамға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді. Ол ақша ұялы телефонның теңгерімі ретінде түседі. Ал 30 қыркүйектен бастап пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады.


"Яғни, бүкіл Қазақстан аумағында чек бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы (ұялы телефон теңгерімін толтыру) беріледі", - дейді комитет мамандары.


Сыйақыны алу үшін сатушының фискалды чекті беруден бас тартқанын, дүкеннің атауы мен мекен-жайын, сондай-ақ, фискалды чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді видеоға түсіріп, жіберу керек. Ал видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын "Wipon" ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.


"Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер заң бұзушылық фактісі расталған және фискалды чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті", - делінген ресми хабарламада.


Осы орайда комитет барлық азаматты өзінің азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, фискалды чек бермей жүрген салық төлеушілерді анықтауға үндеп отыр.


 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 15:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30