Нарық

«Даму» қорына жүгінген кәсіпкерлер енді субсидиялау жөніндегі келісімшартты үйде де жасай алады

  • https://7kun.kz

    https://7kun.kz

«Даму» қорының қолдауына жүгінген кәсіпкерлер енді өз үйінде немесе жұмыста отырып-ақ, субсидиялау жөніндегі келісімшарт жасай алады.


Бұған отандық «Documentolog» компаниясының сервисі арқылы қол жеткізу мүмкін болып отыр.Енді келісімшарт құжаттары қағаз жүзінде емес, электрондық жүйеде жасалады. Кәсіпкер субсиядия алу үшін банкпен келісімшарт жасап, кейін «Даму» қорына бару керек.


Бұған дейін құжаттарды қағаз жүзінде толтырғанда кемшіліктер болған. Сондықтан кәсіпкер келісімшартты қайта қарау үшін банке баруға мәжбүр еді. Бұл жұмыс тіпті 1 айға созылатын.


Енді «Даму» қоры «Документолог» компаниясымен әріптестік негізінде келісімшарттарды рәсімдеуді электрондық жүйеге ауыстырды.


Сәуле Әбішева, «Даму» қоры департаментінің директоры:


– Бүгінгі таңда 16 келісімшарт жасалды. Мысалы, біз негізгі әріптес банкпен субсидиялау жөнінде келісімшартқа қол қойғанда оған небәрі 40 минут уақыт кетті. Жалпы жылына орта есеппен субсиядиялау бойынша мыңнан астам келісімшарт жасаймыз. Ал бұл электрондық жүйеден жақсы нәтиже күтеміз.


Соның нәтижесінде кәсіпкерлер үйінде не жұмысында отырып ақ келісімшарт жасап, субсиядияға қол жеткізе алады.


Айтмұхамед Жақып, «Даму» қорының бизнес-технологиялар департаменті директоры:


– Кәсіпкерлер үшін ең алдымен ғаламтор мен электронды қолтаңба керек. Содан кейін ол қазақстандық «ДОК-2» электрондық құжаттарды алмасудың орталық сервисіне тіркелуі қажет. Сөйтіп қажетті нұсқамалармен танысып субсидиялау жөніндегі келісімшартқа электронды қолтаңбасын қоя алады.


Келісімшартты электрондық жүйеде жасаудың артықшылығы көп. Ол ең алдымен уақытты үнемдеп, поштаға кететін шығынды қысқартады. Қазіргі кезде «ДОК-2» сервисінде 5 мыңнан артық компания тіркелген.


24.kz


 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30