Нарық

Данияр Ақышевке қатысты іс қозғалды деген ақпарат жалған болып шықты

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Қазақстан тұңғыш президентінің баспасөз қызметі Елбасының көмекшісі, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышевқа қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.


"Данияр Ақышев – жұмыс орнында, мен оны өз көзіммен көрдім. Қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат бізге келіп түскен жоқ", - деді Қазақстан тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Sputnik Қазақстанға.


Бұған дейін БАҚ-та Ақышевтің үстінен БЖЗҚ-ның Лондон биржасында сатып алған "Қазатомөнеркәсіп" акцияларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.


Данияр Ақышев Ұлттық банкті 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін басқарды.


Кейін ол Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.


2019 жылдың 9 сәуірінен – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі.


Sputnik


 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 16:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31