Нарық

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер өндірісі бір жылда 9%-ға ұлғайды.

 

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында елде 37,9 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық өнімдері мен препараттары өндірілді. Бұл бір жылғы көрсеткіштен қарағанда 20,2%-ға көп. Инфляцияны ескергенде, өнімнің нағыз өсімі 9,1%-ды құрады.

 

Өңірлер бөлінісінде дәстүрлі түрде ең көп өнім өндірісі Шымкент қаласына тиесілі. Онда 11,2 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімдері шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 36%-ға көп. Бұл ретте үздіктер қатарына Алматы облысы мен Алматы қаласы да енеді.

 

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында фармацевтикалық препарат өндірісі 138,3 млрд теңгеге жетіп, олардың шынайы өсімі 47%-ды құрады.

 

 

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіруге қатысы бар 277 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде тек 59,6%-ы немесе 165 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,8%-ға көп.

 

Еске салсақ, елімізде «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Kelun-KazPharm» ЖШС, «Dolce» ЖШС (Алматы облысы); «Химфарм» АҚ (Santo), «Зерде-Фито» ЖШС (Шымкент); Алматының «Нобел» фармацевтикалық фабрикасы, «Аврора» ЖШС, «Cheminnova Alimor Kazpharm» ЖШС, «Rapid-Alimor Pharm Industries» ЖШС, «Dosfarm» ЖШС (Алматы) және тағы басқа ірі компаниялар жұмыс істейді.

 

Осы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің компаниялары 31,4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін өндірді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,1%-ға көп (шынайы өсім - 9,4%). Сонымен қатар құны 2,1 млрд теңгені құрайтын басқа да фармацевтикалық препараттар өндірілді (ақшалай мәнде 12,1%).

 

 

Өндіріс көлемі ұлғайып келе жатқанына қарамастан, Қазақстанда дәрі-дәрмектердің импорты да өсіп келеді. Мәселен, 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында елге 167,7 млн АҚШ долларын құрайтын 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл жерде заттай мәнде өсім - 25,3%, ал ақшалай мәнде - 2,7%-ды құрайды.

 

ТМД елдерінен Қазақстанға 2,2 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 21,7%-ға көп. Олардың арасында Қазақстанға импорт жасауда Ресей көш бастайды.

 

Бұдан бөлек импорттың 54,5%-ы ТМД құрамына кірмейтін елдерге тиесілі: 154,2 млн АҚШ долларын құрайтын 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек. Бұл ретте елімізге көбінесе Қытай, Үндістан және Польшадан дәрі-дәрмек әкелінген екен.  

 

 

Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттар құны бір айда  0,1%-ға, ал бір жылда 6,3%-ға өскен. Дәрі-дәрмектің едәуір қымбаттауы Маңғыстау облысының тұрғындарына сезілді. Онда бір жылда дәрі-дәрмек құны 23%-ға өскен. Жылдық өсім бойынша елорда (плюс 11,8%) мен Ақмола облысы (11,4%) көш бастап тұр.

 

Йодтың 5%-ды спирт ерітіндісі (плюс 18,8%),  «Эссенциале форте Н» (плюс 17%), 90% этил спирті (плюс 16,8%), «Корвалол» (плюс 16,3%), «Аквалор Форте спрей» (плюс 11,8%) тәрізді негізгі фармацевтикалық препараттардың жылдық динамикада өнім құнының ең жоғарғы өсімі  байқалады. Ал, керісінше, «Гипотиазид» (минус 1,4%), ацетилсалицил қышқылы (минус 6,1%) тәрізді препараттарда бағаның арзандауы байқалған.

 

 

Жалпы 2020 жылы елдің әр үй шаруашылығында дәрі-дәрмек, емдік құрылғы және аппаратура сатып алуға орташа есеппен 47,1 мың теңге жұмсалған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 62,6%-ға көп.

 

Алматы тұрғындары дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсаған: Орташа есеппен бір үй шаруашылығы 71,7 мың теңге жұмсайды (жылдық өсім 69,9%). Алматыдан кейін Павлодар және Қарағанды облыстары келеді. Қызылорда облысының үй шаруашылықтары дәрі-дәрмекке аз ақша жұмсаған екен: 29,8 мың теңге.

 

 

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.05.2021, 01:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30