Нарық

Дәрігерлерге төленетін үстемақыны арнайы комиссия тағайындайды

  • https://www.solidarnost.org/

    https://www.solidarnost.org/

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, қазір дәрігерлер жалақысын уақытылы алып жатыр.

 

Дәрігерлердің жалақысына үстемесыйақы қосу жөніндегі президенттің жарлығына байланысты Алматыда арнайы комиссия құрылған. Яғни дәрігерлердің қандай қауіптілік деңгейінде жұмыс істеп жатқанына байланысты үстемеақыны солар тағайындайды. Кебір қайырымдылық қорларынан қауіпті деңгейде жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылуда,-деді ол.

 

Басқарма басшысы брифинг барысында қала сыртынан келіп жұмыс істейтін дәрігерлер қаладағы қонақүйлерге, жаақханаларға орналастырылып, тегін тамақпен қамтамасыз етілгенін айтты. Қаладағы жұқпалы аурулар емханасында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері де қонақ үйлерге орналастырылған.

Сондай-ақ ол, коронавируспен күреске бөлінген қаражаттар қайда жұмсалғанын да атап өтті.

 

Коронавиурспен күреске бөлінген қаржыға келер болсам, алғашқы транш бойынша 73 млн теңге бөлінді. Оған медицина қызметкерлері үшін қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек алынды. Сондай-ақ Алматы әкімдігі қорынан 94,5 млн теңге бөлінді. Оған да қорғаныс құралдары мен дезинфекция жабдықтары алынды. Үкіметтен төртінші транш бойынша 1,3 млрд теңге бөлінді. Бұл бойынша да жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек, антисептик пен дезинфекция жабдықтарын алу келісімі жасалды,-деді Әбілдаев.

 

baq.kz

 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 13:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31