Нарық

Демалыс күндері елордада БҚО және Жамбыл облыстарының жәрмеңкесі өтеді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

БҚО және Жамбыл облыстарының фермерлері елордадағы жәрмеңкеге 405 тонна өнім әкеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, баға нарықтағыдан 15-20% төмен болады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 

12-13 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді.

 

Екі облыстың фермерлері елордаға 400 тоннадан астам өнім әкеледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 204 тонна көкөніс, 92,8 тонна ет, 30 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 55 мың дана жұмыртқа, 21,5 тонна ұн және макарон өнімдері, 6 тонна кондитерлік өнімдер, 5 тонна қант, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жемістер және т.б. әкелінеді.

 

Бағалар нарықтағыдан 15-20% төмен болады. Мысалы, сиыр етін 1700 теңге/кг, қой етін 1900 теңге/кг, жылқы етін 2000 теңге/кг сатып алуға болады.

 

Барлығы 445 миллион теңгенің 405 тонна өнімін сату жоспарланған.

 

Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

 

24.kz

 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30