Депозиттерге кепілдік беру қоры ең жоғары мөлшерлемені ұлғайтады

25 ақпан 2022, 13:51

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) артынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор сайтына сілтеме жасап.

 

«Одан басқа, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттері бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды», - делінген хабарламада.

 

Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

 

Депозиттер бойынша мөлшерлемелер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап енгізіледі.