Нарық

Депутат бір жұмыс орны үшін 35 миллион теңге бөлуге наразы

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Сенатор Серік Бектұрғанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Қостанайда 1500 жұмыс орнын қамтамассыз ету үшін 2 миллиард теңге қажет болғанда "Бәйтерек" холдингіне 700 жұмыс орнын құру үшін республикалық бюджеттен неге 24 миллиард теңге бөлінгенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Өнеркәсіпті қолдауға қаражат бөлу бойынша қандай да бір түсіндірме естігенім келеді. Мұнда "Бәйтерек "ҰБХ "АҚ-ға жылжымалы паркті жаңартуға, ұлттық экономиканың орнықтылығын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге кредит беру туралы жазылып тұр. Бүгін министрлік жазған жоспарлы нәтиже - 700 жаңа жұмыс орны және оқшаулау деңгейін 50 пайызға жеткізу. Осымен нүкте қойылды", - деді сенатор.


Бұл сұрақ 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді талқылау кезінде туындады.


"Көрші бағанадан Қостанай облысында машина жасау саласына 2 миллиард теңге бөлінгенін, бір жарым мың жұмыс орны құрылғанын және салық аударымдарын көріп отырмыз. Бағанағы 24 миллиард теңге бойынша, мүмкін, қате жазылған. Нәтижені дәлірек көргіміз келеді немесе бір жұмыс орнына алдын ала 35 миллион теңге бөлінетін болған. Бұл Қазақстан үшін қымбат емес пе?" - деп сұрады сенатор Бектұрғанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.


Оның айтуынша, Қостанай облысындағы өндіріс орнында бір жұмыс орнының құны бар болғаны 3,1 миллион теңге, ол 24 миллиард деген өте үлкен сома. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев "Бәйтерек "ҰБХ" бағдарламасы бойынша Hyundai зауытын салу жоспарланғанын хабарлады.


Оның айтуынша, бұл елде жоғары технологиялық жабдықтарды қалыптастырады және бірінші кезеңде жылына 30 мың көлік, екінші кезеңде 45 мың көлік шығара отырып, экспортқа шығуға мүмкіндік береді.


"Менің ойымша, бұл бөлінетін ақшадан көретін пайда айтарлықтай жақсы. Ал Қостанайдағы зауыт құрылысы бойынша айтсам, бұл "КамАЗбен" бірлескен жоба, олар біздің аумақта өндіріс шығару үшін КамАЗ бойынша материалдардың бір бөлігін жіберді", - деді вице-министр.


 


 


 


 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30