Нарық

Депутат қазақстандықтардың жалақысы жайлы: ешқандай сын көтермейді

  • Депутат қазақстандықтардың жалақысы жайлы: ешқандай сын көтермейді

    Депутат қазақстандықтардың жалақысы жайлы: ешқандай сын көтермейді

Халық қалаулысы Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған деп санайды
Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Қазақстанда жалақының төмендігіне қапаланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық қызметінің сарапшылары әлемдегі 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы Қазақстанда екенін атап өткен.

"Сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты, 2020 жылмен салыстырғанда, Қазақстанның ең төменгі жалақы азайған бірден бір елге айналғаны факт. Бізден кейін Нигерия мен Өзбекстан тұр", &ndash деді мәжілісмен.
Ол номиналды ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгермегенін және 42 500 теңге екенін еске салды. Алайда сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы былтырғыдан азайды.

"Қазір ол 37 400 теңгені құрайды. Мысал ретінде айтар болсақ, ең төменгі жалақы Украинада &ndash 27%-ке, Польшада &ndash 9,8%-ке, Беларусьте &ndash 6,7%-ке, ал Ресейде &ndash 5,5%-ке көтерілді. Бұл ешқандай сын көтермейді", &ndash деді Паяев.

Зерттеу авторлары шартты азық-түлік себетін құрып, тауар құнын ең төменгі жалақымен салыстырған. Азық-түлік себеті нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жеміс-жидек пен көкөністен тұрады.

Қазақстан азаматы үшін мұндай азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ке артық.

"Бұдан келіп шығатыны, Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерін ескере отырып, нақты өмір сүру құнымен де байланысты болуы керек", &ndash деп санайды депутат.

Осыған байланысты Паяев үкіметтен ең төменгі жалақыны арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын және ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жоспары жайлы сұрады.
 
 




Көрілген: 2022    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31