Нарық

Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады

  • Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады

    Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады

Карта арқылы төлем жасау көлемінің жыл сайын өсуіне қарамастан банктер карточкалар бойынша төлем жүргізу үшін комиссия ақысын азайтпай отыр. Мәжіліс депутаттары Ұлттық Банк басшысынан бұл мәселені шешуді сұрады.


Депутаттар Ұлттық банк басшысынан карта төлемдерінің комиссиясын азайтуды сұрады


«2018 жылы төлем карточкаларын пайдалану арқылы 6,4 трлн теңге сомаға 524 млн. транзакция жасалды. Бұл былтырғыдан 2 есе артық. Интернет-мобильді банкинг арқылы 3,1 триллион теңгеге 190 млн операция жасалды. POS-терминалдар арқылы жасалған төлемдердің саны ұлғайғанына қарамастан сауда ұйымдарынан банкт тарифтері бір деңгейде қалып отыр. Орташа есеппен алғанда карта арқылы орындалған төлемнің 0,5-тен 2,5 пайызын құрайды», - деді депутат Дания Еспаева.


Депутат сауданың әртүрлі сегменттері бойынша комиссия мөлшерінің біркелкі еместігін атап өтті.


«Қызметтің жоғары құны - қолма-қол емес төлемдерді дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі. 2,5 пайыздық банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін үнемді емес. Бұл көбінесе POS-терминалдарды пайдаланудан бас тартудың бірден-бір себебі», - деді депутат.


Оның айтуынша, дүкендердегі тауарлардың бағасы комиссияны ескереді, яғни ақы тұтынушы қалтасынан алынады дегенді білдіреді.


«Комиссияны қысқарту мүмкіндіктері бар болса, бұл сауда нүктелерінің шығындарын төмендетуге әсер етеді және сайып келгенде бағаны құруға көмектеседі. Картамен тауарларды төлеу үшін комиссияны азайтуды және Ұлттық Банктің банктік карточкалар арқылы төлем жүргізу жөніндегі комиссия ақысын реттеуді қарастыру керек деп ойлаймыз», - деді депутат.


Stan.kz 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 20:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30