Доллар 4,35 теңгеге қымбаттады

25 сәуір 2022, 19:19

Қазақстан қор биржасында (KASE) 17:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,35 теңгеге көтеріліп, 448,44 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 5,98 теңге (+0,05) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,24 теңге (-0,22) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 479,69 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-453,5 теңгеге, еуро 480-488 теңгеге, рубль – 5,3-5,75 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.