Доллар 7 теңгеге қымбаттады

26 мамыр 2022, 16:03

Доллар 7 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,22 теңгеге қымбаттап, 422,01 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 мамырдағы ресми бағамы 415,12 теңге болған.

 
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 424,75 теңге, ал сатылымда - 428,69 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 423,34 теңгеден сатып алып, 426,23 теңгеден сатып жатыр.

Tengrinews.kz