Доллар алты теңгеге арзандады

30 мамыр 2022, 17:18

Бір айда шетелдік валюта 14,26 теңгеге төмендеді. Қор биржасының күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 427,39 теңгені құрады.
Жұма күнгі сауда қорытындысымен салыстырғанда доллар 6,29 теңгеге арзандады. Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстандық қор биржасында доллар бағамы 433,3 теңгені құраған болатын.
Бір айда шетелдік валюта 14,26 теңгеге төмендеді.
Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 424-425 теңгеге сатып алып жатыр. Сату бағасы 429–430 теңге.