Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы(KASE) деректеріне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,13 теңгеге төмендеп, 427,84 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 13 мамырдағы ресми бағамы - 434,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 432,42 теңге, сату - 438,42 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,03 теңгеден сатып алынып, 435,42 теңгеден сатылып жатыр.