Доллар бағамы

01 маусым 2022, 18:16

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,46 теңгеге көтеріліп, 424,62 теңгеге тең болды.

 

Айта кетейік, доллардың 1 маусымдағы ресми бағамы - 414,67 теңге.

 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 427,64 теңге, сату - 433,13 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 426,32 теңгеден сатып алады, 430,32 теңгеден сатады.