Нарық

Доллар бағамы мен коронавирус жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етті

  • https://finansy.name/

    https://finansy.name/

Жылжымайтын мүлік нарығында тыныштық орнады, сатушылардың да, сатып алушылардың да күткеннен басқа амалы жоқ.

 

Сұраныс ұсынысты тудырады

 

—Теңге қазіргідей теріс рекорд көрсетіп, құбылмалы болып жатқан сәтте тыныштық орнайды дейді, — «Expert Estate Service» жылжымайтын мүлік агенттіктері тобының директоры Лариса Гусева. — Адамдар өздеріне ненің пайдалы екені туралы ойлана бастайды. Біздің клиеттерімізді бірнеше категорияға бөліп қарастыруға болады, олардың ішінде сатушылар да, сатып алушылар да бар.

 

Бірінші категория — пәтердің құнын қымбаттатуға тырысатындар. Олар бағаға бір миллионның көлемінде өзгеріс енгізуге тырысады. Бұл негізінен алғанда 18-ден 25 миллион теңге аралығындағы баға диапазонына қатысты.

 

Екінші категория — бағаны сақтағанымен, саудаласу талаптарын қайта қарастырды.

 

Үшінші категория — бағасын да, саудаласу талаптарын да сақтайды. Бірақ бұл жоғары сегменттегі пәтерлер.

 

Олардың қатарында пәтерін сатудың қажеттілігі туралы ойланып қалғандар да бар.

 

Біріншіден, меншік иелері бізбен бағасын көтеру туралы ақылдасады. Біз оларға бағаның неден құралатынын және қандай факторлар әсер ететінін түсіндіреміз.

 

Біз өз клиенттерімізге бағаны айтарлықтай аттырмауға кеңес береміз. Себебі нарықтағы жағдайды көбінесе сұраныс анықтайды

 

Кез келген бағаны белгілеуге болады, бірақ нарық ондай бағаны бере ала ма?

 

Мәмілелер жасалуда

 

Сатып алуға дайын болғандар бағасы онша қымбаттамаған үйлерді алуға тырысады.

 

Сарапшының пікірінше, қоғамдағы қандай да бір дүрбелең нарыққа және клиенттермен байланыс орнатуға кері әсер етеді. Сондықтан, нақты бағалау жасаған дұрыс.

 

— Бастапқы сатылым нарығында белгілі бір өсім болады деп күтілуде. 2021жылы іске қосылатын тұрғын үй кешендерінің бағалары да қайта қаралады. Бұл құрылыс материалдарының бағасына байланысты.

 

Қайталама сатылатын үйлерді адамдар тұрғын үй аумағын кеңейту немесе инвестиция ретінде сатып алады. Екінші нарықтағы шаршы метрдің бағасы да белгілі бір деңгейде қымбаттайды.

 

Биылғы жылы жаңадан салынған үйлердің бағасы да әзірше айтарлықтай өзгерген жоқ

 

Мәмілелердің көбі ипотекалық кредиттеу бағдарламалары арқылы жасалуы белгілі бір деңгейде бағаға шектеу болып отыр. Барлық жағдайда да нарықтағы құны нақыт бағаланады. Адамдар өздері қалаған соманы белгілей алмайды, олар нақты бағаға тәуелді. Бағасы қымбат үйлерге сұраныс аз.

 

Теңгенің бұған дейінгі құнсыздануы және нарық трендтері

 

Қазақстан риэторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко елдер жаппай доллардан бас тартып жатыр, сондықтан жылжымайтын мүліктің бағасы бірден көтеріліп кетеді деп айтуға болмайды дейді.

 

— Алайда, халықтың сатып алу қабілетіне соққы болғаны сөзсіз. Менің болжауымша, алдағы бірнеше айдың ішінде үйін шұғыл арада сатқысы келген үй иелерінің мүліктерінің бағасы арзандайды

 

Сарапшының пікірінше, теңге бағамының төмендеуіне қарағанда, қазір мемлекетте жарияланған төтенше жағдай барлығын ушықтырып отыр.

 

— Вирустық инфекцияға қатысты мәселе барлық елдің экономикасына соққы болды

 

Сарапшы алдағы уақытта доллар бағамы мен коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін мәмілелер саны төмендейді деген пікірде.

 

— Сатушылардың да, сатып алушылардың да басым бөлігі біраз уақытқа дейін барлығын бақылап, күтеді.

 

Барлық болып жатқан оқиғаларды ескерсек, сатып алу қабілеті төмендейді, ал жылжымайтын мүлік бағасы сәл де болса қымбаттайды деп ойлаймын.

 

Нарықтың қай сегменті үлкен сұранысқа ие болады?

 

— 2017 жылы бірінші девальвация болған кезден бастап аумағы аса үлкен емес, арзандау үйлерге сұраныс артты

 

Клиенттердің әлеуметтік бейнесі

 

— Көбінесе 27 жастан асқан отбасылы, жұмыс істейтін адамдар түрлі себептермен жылжымайтын мүлік сатып алады. Олардың арасында тұрғын үй аумағын кеңейткісі келетіндер көп.

 

Басқа да мәлімелер болады. Ата аналары өздерінің ірі жылжымайтын мүліктерін сатып, өздеріне және жастарға жеке пәтерлер алады.

 

Ипотека немесе мемлекеттік қолдау

 

— Ипотеканың мөлшерлемесі көтерілді.

 

Ипотекаға пәтер алып, оны төлеу жағдайы қиындайды.

 

Осы себептер бағаның төмендеуіне әсер етеді. Жылжымайтын мүлік нарығы ағымдағы экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Әлемдегі жағдай қарапайым адамдардың қалталарына қалыңдатпайтыны түсінікті.

 

kaz.365info.kz 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 18:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30