Доллар бағамы тағы қымбаттады

06 сәуір 2021, 13:40

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 5 сәуір кешімен салыстырғанда 1,53 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 428,99 теңге болды.

Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,39теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 430,70 теңге сатылса, ал сатып алу - 428,48 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,23 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 428,04 теңге.

Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 0,35 теңгеге қымбаттап, доллардың орташа бағамы 427,19 теңге болған еді.