Доллар қымбаттады

03 наурыз 2022, 17:27

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,97 теңгеге көтеріліп, 492,28 теңгені құрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Таңғы саудада доллардың орташа бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 489,57 теңгеге жетті.

 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы -0,15 теңгеге төмендеп, 5,05 теңгені құрады. Ал қытай юанінің бағамы, керісінше, 77,55 теңгеге (+0,03) көтерілді.

 

Ақша айырбастау орындарында доллар 498-505 теңге, еуро 549-556 теңге, ресей рублі 4,9-5,6 теңге аралығында сатылуда.