Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Доллар мен рубль бағамы төмендеді

28 желтоқсан 2022, 10:18

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462- 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 462,5– 466 теңге аралығында құбылып тұр. 27 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 460, 58 теңге болған. Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 62 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,58 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,2 – 6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.