Доллар тағы қымбаттады

05 наурыз 2022, 11:46

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,92 теңгеге көтеріліп, 501,64 теңгені құрағанын жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақша айырбастау орындарында доллар 516-520 теңгеге сатылып/сатып алынса, еуро 566-577 теңгеге өсті. рубль – 4,5-5,2 теңге.

 

Ал, 15 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

 

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 6,81%-ға өсіп, барреліне 115 долларды құрады.

 

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны барреліне 6,91%-ға өсіп, 118,09 долларды құрады.