Доллардың 11 наурызға арналған ресми бағамы белгіленді

10 наурыз 2022, 19:58

Ұлттық банк 11 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмада доллар бағамы 509,80 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 10 наурыздағы ресми бағамы 510 теңге болған еді. Ал рубльдің ресми бағамы - 4,29 теңге.

 

 

 

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 509,80 теңге.

 

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 513,28 теңге, сонымен қатар, 519 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде валютаны орташа есеппен 516 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.