Доллардың 21 сәуірдегі ресми бағамы белгіленді

20 сәуір 2022, 17:50

Ұлттық банк доллардың 21 сәуірдегі ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбіде доллар бағамы 444,03 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның ресми бағамы 20 сәуірде 443,57 теңге болды.

Рубльдің 21 сәуірдегі ресми  бағамы - 5,47 теңге.

 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 444,50 теңге, сатылым - 448,50 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 444,64 теңгеден сатып алады, 447,53 теңгеден сатады.