Нарық

Доллардың құбылуы зейнетақы жинақтарына қалай әсер етті – қор басшысы жауап берді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрманов соңғы екі айда доллар бағамының өзгеруі жинақтарға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қазіргі кезде қордағы ақшаның басым бөлігі теңгемен инвестицияланып отырады. Үштен бірі шетелдік валютамен, көбінесе, доллармен құйылады. Мысалы, наурызда доллардың бағамы 381 теңгеден 448 теңгеге дейін өсті. Осының нәтижесінде шетелдік валютамен инвестицияланған зейнетақы активтері 542 миллиард теңгеге көбейді", – деді Құрманов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, сәуірдің басында доллардың бағамы 425 теңгеге түскенде зейнетақы активтері 180 миллиард теңгеге төмендеп қалды. Осылайша, салымшылардың инвестициялық табысы азайды.

 

"Алайда сәуірдің ортасында доллардың өзгеруіне қарай таза табыс тағы өсті. Ал бүгін, 30 сәуірде доллардың бағамы қайтадан 424 теңгеге түсті. Соның салдарынан инвестициялық табыс төмендеді. Дегенмен, жыл басынан бері жалпы инвестициялық табыстың көлемі артты. Мамырдың басында оның көрсеткіші бір жарым триллион теңгеден асады. Сондықтан салымшылар наурыз-сәуір айындағы доллардың құбылуына алаңдамаса да болады. Негізі, халықаралық тәржірибе бойынша инвестициялық табыс бір жылдың қорытындысы бойынша бағаланады", – деп атап көрсетті Құрманов.

 

 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31