Доллардың құны 424 теңгеге дейін түсті

23 мамыр 2022, 18:00

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 424,84 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеген.

Айта кетерлігі, Қазақстанның Ұлттық банкі 24 мамырдағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын 424,84 теңге деп жариялады. Ал америкалық валютаның 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 424,73 теңге, сату – 428,75 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 424,08 теңгеден сатып алынып, 426,69 теңгеден сатылуда.