Доллардың күрт қымбаттуын делдалдар туғызды - Сарапшы

26 ақпан 2022, 21:44

25 ақпанда доллар бағамы 466 теңгеге жетті. Ұлтық валютамыз соңғы екі тәулікте едәуір құлдырады. Өйткені рублдің құбылуы теңгеге де кері әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк базалық ставканы 13 жарым пайызға өсіріп, тұрғындардың депозит сомасының 10 пайызын бюджет есебінен төлейтін болды.

 

Осылайша Ұлттық банк теңгеге деген сұранысты ұстап, инфляцияны тежемек. Сонымен қатар олар кешелі бері теңгеге тірек болу үшін валюта нарығында 104 миллион долларға интервенция жасаған.

 

Мамандардың айтуынша, ұзақ уақыт бұлай істеуге де болмайды. Ұлттық қор таусылмайтын қазына емес.

 

Дегенмен дағдарыстан шығуға мұнайдың бір баррелі 45 мың теңге болуы оң ықпал беруі мүмкін дейді сарапшылар. Осыны пайдаланып қорды түгендеп алуға болады.

 

Ресей рублінің әлсірегенінен Қазақстанның да ұтары бар екен. Себебі, олардан бізге келетін тауар арзандайды. Бірақ бұл отандық өндірушілерді тығырыққа тіреуі де мүмкін.

 

Қалай болғанда да теңге рубльге тәуелділіктен жақын арада құтыла алмасы анық.

 

Сондықтан Ұлттық банк қаржы тұрақтылығын сақтау бағытында, ал үкімет дағдарысқа қарсы шараларды мықтап қолға алуы қажет дейді сарапшылар.

 

Андрей Чеботарев, тәуелсіз қаржы сарапшысы:

 

- Қандай жағдай болмасын қарызданып қауғаланып, доллар сатып алуға жүгірмеу керек. Доллардың күрт қымбаттуын Украинадағы жағдай бастала сала делдалдар туғызды. Қазір жағдайды қаржы нарығына қатысқан Ұлттық банк бақылауына алды. Бұл нәтижелі бастама болды. Енді үкімет экономиканы күшейтуге барын салу қажет. Бір ғана Ұлттық банк мұнымен күресе алмайды.

 

 

 

ktk.kz