Нарық

Доллардың қымбаттауына не себеп

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Оның қымбаттауына не себеп? Бұл халықтың төлем қабілеті мен жылжымайтын мүлік нарығана қалай әсер етеді?


Соңғы төрт күнде доллар 4 теңгеге қымбаттады. Қазақстан қор биржасында 1 АҚШ доллары 384 теңгеден саудаланды. Ал Алматыдағы ақша айырбастау орындарында ол 2 теңгеге қымбат.


Теңгенің әлсіреп, доллардың күн өткен сайын күшеюіне мұнайдың арзандауы, экономикадағы шикізаттық сектордың басымдығы, тауар айналымындағы импорт пен экспорт үлесіндегі айырмашылық сияқты бірнеше макроэкономикалық фактор әсер етіп отыр.


Мақсат Халық, экономист:


- Жазда алдағы уақытта тағы да әсер ететін факторлар бар. Ол маусымдық жылдағы болатын бәрі көпшілігі демалады. Көк қағазға деген сұраныс артады. Соның нәтижесінде тұрақсыздық пайда болады. Бұл енді табиғи болатын, алдағы уақытта күтілетін жағдай.


Ал жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өзгеріссіз қалады дйді сарапшы. Яғни доллардың теңгеге шаққандағы бағамынан жер телімдері мен үй құны арзандамайды. Мысалы, Алматыда 1 шаршы метр баспананың ең төменгі бағасы 240 мың теңге.


Мақсат Халық, экономист:


- Соңғы уақыттарда теңгеміз құнсызданып келе жатыр ғой. Сол уақыттардың өзінде қарайтын болсақ жылжымайтын мүлік нарығында бағалар түскен емес. Қайта керісінше өсіп келе жатыр. Бір ғана қорытынды шығаруға болады. Теңгеміз қанша әлсіресе де жылжымайтын мүлік нарығы арзандап кетеді деген сөз емес. Ол өзінің құнын сақтап қалады да белгілі бір дәрежеде теңгеге шаққандағы құнының өсуіне, қымбаттауына әсерін тигізіп отырады.


«АҚШ доллары 10 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Өсім ай соңында тоқтап, кейін бағам тұрақтылуы ықтимал» дейді қаржы нарығындағы компания өкілдері.


Антон Цой, қаржы компаниясының директоры:


- ОПЕК-ке мүше елдер де қарап отырған жоқ. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін олар әлемдегі мұнай өндіру көлемін азайту жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Егер сондай келісім жасалса онда мұнайға деген сұраныс артады. Бұл жағдай біздің валютаның күшейтері сөзсіз.


Әзірге қаржы нарығында теңге күрт құлдырайды деп айтуға болмайды. Өйткені Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері тұрақты» дейді сарапшылар.


24.kz 




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 13:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30