Долларға байланысты теңге бағамы құлдырауда

22 ақпан 2022, 18:21

Теңге доллардың өсуіне байланысты құлдырауда. Оның Kase биржасындағы орташа бағамы 433,39 теңгені құрайды, ал айырбастау пунктерінен 440 теңгеге сатып алуға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық KASE қор биржасының мәліметінше, аз уақыт ішінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы екі теңгеге көтерілген. Таңертең орташа сараланған доллар бағамы 431,06 теңге болса, күндіз 433,39-ға жеткен.

Kurs.kz порталының мәліметінше Нұр-Сұлтанда долларды 438-441 теңгеге, Алматыда 440-441 теңгеге сатып алуға болады.

Теңгенің құнсыздануы Brent маркалы мұнай бағасының көтерілуі аясында орын алуда. 2022 жылдың 22 ақпанында оның бағасы барреліне 99,38 долларға жетті. Brent маркалы мұнай соңғы рет 2014 жылы 99 доллардан жоғары болған.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Украина төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюі теңгеге әсер еткені туралы айтты.

“Барлық әлемдік нарықтарға әсер ететін сауда серіктестері жағдайын ескеріп қазақстандық теңге үшін де тәуекелдердің артқанын байқауға болады. Рубльдың әлсіреуі теңгеге қысым жасауда. Теңге ақпан айындағы салық аптасында экспорттаушылардың сатуы мен мұнай бағасының баррелі 92- 97 доллардан, 98-99-ға дейін өсуіне байланысты құлдырады. Жағдайдың тұрақтандыру үшін ұлттық банк бүгінгі сауда барысында валюталық интервенциялар жүргізуде. Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 млн АҚШ долларын құрайды, жалпы сауда көлемі 155 млн доллар. Бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20%-ын көрсетеді”,-деді Әлия Молдабекова.