Нарық

Досаев азық-түлік бағасының не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді

  • Досаев азық-түлік бағасының не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді

    Досаев азық-түлік бағасының не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді

Пандемиядан кейінгі әлемдік инфляцияның артуы, жаһандық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасының алшақтауы тасымалдау құнының артуына, шикізат пен азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне алып келді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елдегі азық-түлік бағасының күрт қымбаттап кетуін былай түсіндірді:

«Әлем бойынша азық-түлік бағасының өсуі соңғы 10 жылда ең жоғары межеге жетті. Металл бағасы 1 жылда 1,5 есеге қымбаттады. Нәтижесінде сыртқы инфляциялық орта нашарлайды. Мысалы, кеше АҚШ-та инфляция 30 жылдық ең жоғары көрсеткіштерге жетіп (1990 жылдан бастап), 6,2% болды, ол Еуроодақта да рекордтық белгі 4,1%-ке жетті.

Ал Қазақстанда бірлескен күш-жігер арқасында алғашқы нәтижеге жете бастадық, жылдық инфляция азық-түлік бағасының 11,5%-тен 11,3%-ке дейін баяулауы аясында соңғы 6 айда алғаш рет өсуді тоқтатты. Жаз айларында инфляцияның айтарлықтай өсуін ескеріп, биылғы шілдеден бастап Ұлттық Банк базалық ставканы жиынтығында 9,0%-тен 9,75%-ке дейін 75 базистік тармаққа үш рет көтере отырып, дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізе бастады», ˗ дейді Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банк базалық ставканы көтеру арқылы 2022 жылдың екінші жартысында инфляцияны 4-6%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Azattyq Rýhy




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 14:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31