Нарық

Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты

  • Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты

    Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты

Жыл соңына дейін кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды көздейтін шаралар қабылданады. Жыл соңына дейін кірісі төмен азаматтарға кепілсіз қарыз беруге тыйым салатын шаралар қабылданады. Бұл туралы бүгін ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Досаев халықтың борыш жүктемесінің өсуіне орай жүйелі тәуекелдерді шектеу үшін шілде айында тұтынушылық кредиттердің субъектілерін реттейтін заң қабылданғанын атап өтті.


"Жыл соңына дейін 90 күннен асып кеткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша тұрақсыздық сомасын, комисияны, өзге де төлемдерді есептеуге, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды көздейтін шаралар қабылданады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, кепілсіз тұтынушылық қарызды кірісі төмен азаматтарға бермеуге бағытталған реттеу шаралары да қолға алынбақ.


Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тапсырған еді.


Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29 698 теңге болды. 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30